«Атамекен-Агро» агрохолдингі

«Атамекен-Агро» компаниясы туралы

«Атамекен-Агро» АҚ ауылшаруашылық холдингі 2003 жылдан бері жұмыс істейді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең спектрін өндіреді. Компаниялар тобына өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тұқым өндіру, дәнді дақылдарды сақтау және қайта өңдеу, сондай-ақ ілеспе ауыл шаруашылығы өнімдерін салу мен өткізуге маманданған 16 компания кіреді.

“Атамекен-Агро” өсіп, дамып келеді, бірақ әрқашан басты миссиясына назар аударады: “Ата-бабаларымыздың жерін өңдеу және егіншіліктегі инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, туған жеріміздің байлығын сақтау және өңдеу. Осылайша елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен әл ауқатына үлес қосамыз”.

Компания Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орналасқан жер қоры 440 мың гектардан асатын қазақстандық аграрлық сектор көшбасшыларының бірі болып табылады. Бір жыл ішінде холдинг компаниялары 400 мың тоннаға жуық түрлі дақылдар өндіреді. Өндірілген ауылшаруашылық дақылдары ішкі және әлемдік нарықта сатылады. Компанияның негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық өнімнің шетелге экспортын дамыту. «Атамекен-Агро» АҚ агрохолдингінің артықшылықтары: 

Біздің өнімдерімізді бір жолғы сақтау көлемі - 153 800 т
Өнім сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес
Т/ж станцияларының жақындығы жеткізу мерзімін жеңілдетеді және қысқартады
Астықты есептеуді цифрландыру өндіріс процесін оңтайландырады

Компания туралы презентацияны
PDF форматында жүктеңіз