Конференция «Казахстан - Украина» успешно проведена - Atameken-agro

«Қазақстан-Украина. Климаттың өзгеруі жағдайында дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды өсіру технологиялары. Трейдинг ерекшеліктері» конференциясы сәтті өтті.

2021 жылғы 14 шілдеде «Атамекен-Агро» АҚ «Украинаның бұршақ дақылдарын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған І Халықаралық «Қазақстан-Украина. Климаттың өзгеруі жағдайында дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды өсіру технологиялары. Трейдинг ерекшеліктері» конференциясы сәтті өткізілді. Жаңбырлы ауа райына қарамастан конференцияға 5 елден: Украина, Түркия, Үндістан, БАӘ, Қазақстаннан қонақтар келді. Конференция спикерлерінің бірі «Атамекен-Агро» Басқарма төрағасы К.К.Исламов болды, ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарығындағы жағдай туралы, өсірілетін дақылдарды әртараптандыру қажеттілігі, бұршақ дақылдары өндірісін ұлғайту және Қазақстанның бұршақ дақылдары қауымдастығын құру идеясы туралы айтып берді.

Бағдарламада Қазақстанның конференцияға қатысушы елдермен ынтымақтастық тақырыптары, құбылмалы климатта қандай биотехнологиялық шешімдер қолданылуы мүмкін, тұқым мен дақыл сапасы, тұқымдарды тазалау және өндіру технологиясы, агросферадағы жобаларды қаржыландыру және құрылымдау, әртүрлі елдердің нарықтарындағы жағдайлар туралы мәселелер көтерілді.

Біз бұл іс-шара жыл сайын өткізіліп, басқа елдермен ынтымақтастық, бірлескен тәжірибе алмасу үшін жемісті тұғырнама болады, сондай-ақ қалған әлем үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және экспорттау бойынша Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсетеді деп сенеміз.

17.02.2022

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар