«Атамекен-Агро» компаниясы туралы
«Атамекен-Агро» АҚ ауылшаруашылық холдингі 2003 жылдан бері жұмыс істейді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең спектрін өндіреді. Компаниялар тобына өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тұқым өндіру, дәнді дақылдарды сақтау және қайта өңдеу, сондай-ақ ілеспе ауыл шаруашылығы өнімдерін салу мен өткізуге маманданған 16 компания кіреді.
“Атамекен-Агро” өсіп, дамып келеді, бірақ әрқашан басты миссиясына назар аударады: “Ата-бабаларымыздың жерін өңдеу және егіншіліктегі инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, туған жеріміздің байлығын сақтау және өңдеу. Осылайша елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен әл ауқатына үлес қосамыз”.
Компания қазақстандық ауыл шаруашылығы секторындағы көшбасшылардың бірі және Қазақстандағы 50 ірі жеке компанияның бірі болып табылады. Холдингтің жер қоры Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орналасқан 440 мың гектардан астам аумақты құрайды. Жыл сайын еншілес кәсіпорындар 400 мың тоннаға жуық түрлі дақылдар шығарады. Өндірілген дақылдар ішкі және әлемдік нарықта сатылады. Компанияның негізгі мақсаттарының бірі – қазақстандық өнімді шетелге экспорттауды дамыту.
Компания туралы презентацияны
PDF форматында жүктеңіз