Дәнді дақылдарды элеваторларда сақтау

Трейдинг

Трейдинг - компания өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін сату мен экспорттауына жауапты болғандықтан «Атамекен-Агро» АҚ агрохолдингінің біріктіруші қызметі болып табылады. Біздің компанияның сауда қызметінің негізгі бағыты ішкі нарықтағы серіктестермен және шетелдегі сатып алушылармен ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастарды құру болып табылады. «Атамекен-Агро» АҚ-ның басымдығы әрқашан жеткізілетін өнімнің сапасы мен келісім-шарттық міндеттемелердің сақталуы болады. Трейдинг арқылы сатылатын өнімдердің негізгі түрлері дәнді дақылдар, бұршақ және майлы дақылдар, сондай-ақ етті ірі қара малын сату болып табылады. Біздің өнімдер Еуропаның, Азияның, Африканың және көршілес 18 елдерге экспортталады.

Қатты бидай

Италия, Испания, Польша, Түркия, Тунис, Ресей Федерациясы, Германия

Жұмсақ бидай

Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Оңтүстік-Батыс Азия

Hi-pro жұмсақ бидай

Түркия, Ресей, Германия

Арпа

Қытай, Өзбекстан, Оңтүстік-Батыс Азия

Жасымық

Түркия, Қырғызстан, Пәкістан, Оңтүстік-Батыс Азия

Бұршақ

Түркия, Қырғызстан, Пәкістан

Жаңғақ

Түркия, Пәкістан

Зығыр

Қытай, Бельгия, Польша

Рапс

Оңтүстік-Батыс Азия, Ресей Федерациясы, Моңғолия

Жүгері

Оңтүстік-Батыс Азия

ІҚМ

Орталық Азия елдері және көршілес елдер, Қытай

«Атамекен-Агро» АҚ трейдинг бағытының негізгі қағидалары мен оның артықшылықтарына мыналар жатады:

1. Incoterms-2010: DAP, CPT, FOB, CFR, CIF шарттарында теміржол астық тасығыштарының, жабық вагондардың, теңіз көлігінің және контейнерлік тасымалдардың көмегімен жеткізудің дамыған жүйесі.
2. Болжалды жоғары өнімділік: біздің серіктестер сатып алуды алдын ала жоспарлап, бюджетін болжай алады.
3. Шарттық міндеттемелерді жауапкершілікпен сақтау, жеткізу мерзімдерін сақтау.
4. Бәсекеге қабілетті бағалар, талқылауға дайындық және тұрақты серіктестер үшін арнайы шарттар.
5. Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылардың сауатты ақпараттық қолдауы, консультациялары.

Мамандарымыздың тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында «Атамекен- Агро» АҚ сауда бағыты өзінің сату географиясын үнемі кеңейтіп отырады. Біз сапалы және өзара тиімді жұмысты құру үшін клиенттермен тығыз жұмыс істеуге деген ұмтылысымызды ерекше атап өтеміз.