На форуме QYZYLJAR INVESTMENT FORUM 2026 подписали соглашения на 1,3 трлн тенге - Atameken-Agro

QYZYLJAR INVESTMENT FORUM 2026 аясында 1,3 триллион теңгеге тең келісімдерге қол қойылды

 

Петропавл қаласында мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, прокуратураның, сондай-ақ отандық және шетелдік бизнес өкілдерінің басын қосқан «QYZYLJAR INVESTMENT FORUM 2026» халықаралық инвестициялық форумы өтті. QZ NEWS тілшісінің хабарлауынша, ауқымды іс-шараға шамамен 500 адам қатысты.

 

Форумға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтанов, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ төрағасының орынбасары Владимир Ли, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ төрағасының орынбасары Асылбек Абайділдин, сондай-ақ ірі шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында қытайлық «Myande», «Guolian» және «Gushun» корпорациялары, түркиялық «Tiryaki» және «YDA» фирмалары, италиялық «Prosol» компаниясы және басқа да әлеуетті инвесторлар болды.

 

Ең маңызды бастамалардың қатарында «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның қатысуымен «Atameken-Agro Oils» ЖШС жүзеге асыратын май өндіру зауытының құрылысы; «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында «KazAgroTech» ЖШС (Түркия) тарапынан агрохимиялық кешеннің құрылуы; түріктің «Tiryaki Agro» компаниясымен серіктесе отырып, тәулігіне 1500 тонна шикізат өңдеу қуаты бар заманауи май өндіру зауытын салу; сондай-ақ «Tin One Mining» ЖШС-нің Сырымбет кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасын іске асыру бар.

 

Халықаралық инвестициялық форумды өткізу Солтүстік Қазақстан облысы үшін жылдың маңызды іскерлік оқиғаларының біріне айналды. Жаңа келісімдер ауқымды инвестицияларды тартуға, заманауи өндіріс орындарын құруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің халықаралық экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге жол ашады.

30.10.2026

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар