Участие в Первом Казахстанско-Китайском Зерновом Форуме Agricom 2024! - Atameken-Agro

Agricom 2024 Бірінші Қазақстан-Қытай астық форумына қатысу!

5-6 маусымда «Атамекен-Агро» АҚ компаниясы Қытайдың Боле (Боро-Тала) қаласында өткен Бірінші Қазақстан-Қытай астық форумына қатысты. Бұл айтулы оқиға FAMSUN (ҚХР) және Қытай халықаралық сауда палатасы жанындағы Боро-Тала сауда палатасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Біздің өкілдер Басқарма төрағасы Кинталь Исламов пен «Атамекен Агро Трейд» ЖШС директоры Шамис Хасенов логистика мен сауданың негізгі мәселелерін талқылауға белсене қатысты. Біз қазақстандық астық өнімдерінің экспорттық әлеуетін ашуға кедергі келтіретін ағымдағы және жүйелі мәселелерді шешудің стратегияларын бірлесіп әзірлеудеміз.

Біздің компания астық саласын дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға үлес қосуға дайын!

10.06.2024

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар