Специалисты «Атамекен-Агро» награждены медалями ко Дню работников ветеринарной службы и животноводческой отрасли - Atameken-Agro

«Атамекен-Агро» мамандары Ветеринария қызметі және мал шаруашылығы саласы қызметкерлері күніне орай медальдармен марапатталды

Астанада Мал шаруашылығы және Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Үкімет мүшелері, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірінен келген сала ардагерлері қатысты.

Жиналғандар алдында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөз алып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ыстық лебізін жеткізді.

«Ауыл шаруашылығы саласының дасым бағыттарының бірі-мал шаруашылығы. Бұл сала еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет алдағы бес жылға арналған Мал шаруашылығын және ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарларын бекітті. Бұл құжаттар саланы сапалы жаңғыртуға, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады», – деді вице-премьер.

«Биыл біз екі саланың мамандарын бірге құттықтап отырмыз. Мұның өзіндік мәні бар. Себебі қазіргі заманғы мал шаруашылығы мен тиімді ветеринариялық қызмет – бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Сіздер бірлесе отырып Қазақстан экономикасының маңызды саласының тұрақты дамуына үлес қосып келесіздер », – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Айдарбек Сапаров «Атамекен-Агро» АҚ ветеринариялық дәрігері Байгенжин Еркен Махметұлына медаль табыс етті. Еркен Махметұлы Қоғам шаруашылықтарындағы ветеринариялық әл-ауқатты қамтамасыз етуге, мал шаруашылығын дамытуға, аурулардың алдын алудың заманауи әдістерін енгізуге және мал өнімділігін арттыруға зор үлес қосты.

Сонымен қатар, «Атамекен-Агро Шүкіркөл» ЖШС бас зоотехнигі Құсайынов Ерік Бейбітшілікұлы жануарларды күтіп-бағу технологияларын жетілдіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығын ұйымдастыруға және саланың тиімділігін арттыруға қосқан белсенді үлесі үшін, сондай-ақ «Атамекен-Агро Тимирязево» ЖШС мал шаруашылығы бригадирі Мейрамов Сәулет Ерсаянұлы өндірістік процестерді тиімді ұйымдастырғаны, мал басының сақталуын қамтамасыз еткені және мал шаруашылығында жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізгені үшін медальдармен марапатталатын болады.

02.07.2026

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар