«Атамекен-Агро» мамандары Ветеринария қызметі және мал шаруашылығы саласы қызметкерлері күніне орай медальдармен марапатталды

Астанада Мал шаруашылығы және Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Үкімет мүшелері, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірінен келген сала ардагерлері қатысты.
Жиналғандар алдында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөз алып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ыстық лебізін жеткізді.
«Животноводство является одной из ключевых отраслей сельского хозяйства и играет важную роль в обеспечении продовольственной безопасности страны. По поручению Главы государства Правительством утверждены Комплексные планы развития животноводства и ветеринарии на предстоящие пять лет. Они станут основой качественной модернизации отрасли, повышения ее эффективности и конкурентоспособности», — отметил вице-премьер.
«В этом году мы чествуем специалистов двух отраслей совместно и это символично. Ведь современное животноводство и сильная ветеринарная служба неразделимы. Вместе вы формируете одну из важнейших отраслей экономики Казахстана», — отметил министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров.
Айдарбек Сапаров «Атамекен-Агро» АҚ ветеринариялық дәрігері Байгенжин Еркен Махметұлына медаль табыс етті. Еркен Махметұлы Қоғам шаруашылықтарындағы ветеринариялық әл-ауқатты қамтамасыз етуге, мал шаруашылығын дамытуға, аурулардың алдын алудың заманауи әдістерін енгізуге және мал өнімділігін арттыруға зор үлес қосты.
Сонымен қатар, «Атамекен-Агро Шүкіркөл» ЖШС бас зоотехнигі Құсайынов Ерік Бейбітшілікұлы жануарларды күтіп-бағу технологияларын жетілдіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығын ұйымдастыруға және саланың тиімділігін арттыруға қосқан белсенді үлесі үшін, сондай-ақ «Атамекен-Агро Тимирязево» ЖШС мал шаруашылығы бригадирі Мейрамов Сәулет Ерсаянұлы өндірістік процестерді тиімді ұйымдастырғаны, мал басының сақталуын қамтамасыз еткені және мал шаруашылығында жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізгені үшін медальдармен марапатталатын болады.