
E-QURYLYS: құрылыс процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі
2026 жылғы 15–16 шілдеде «Атамекен-Агро» қызметкерлері, күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Дархан Тілеубердинов пен бас маман Алексей Шульдайс, Алматы қаласында PCG Expert компаниясы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі. E-QURYLYS ақпараттық жүйесіндегі практикалық жұмыс. 2026 жылғы құрылыс саласындағы жаңа қағидалар, цифрландыру және бақылау» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Жақын арада «Атамекен-Агро» жасымық өңдеу зауыты мен май экстракциялық зауыт салу бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сондықтан Компания мамандары үшін күрделі құрылыс саласындағы білімдерін жетілдіру, заңнаманың жаңа талаптарын зерделеу және құрылыс жобаларын сүйемелдеуге арналған заманауи цифрлық құралдарды меңгеру қазірдің өзінде ерекше маңызға ие.

«Оқу барысында біз Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің негізгі ережелерін зерделеп, E-QURYLYS ақпараттық жүйесінде практикалық жұмыс істеуді меңгердік. Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен рұқсат беру құжаттарының цифрлық тізілімдерімен жұмыс істеу тәртібімен, объектілерді пайдалануға беру актілерін ресімдеу, сондай-ақ лицензиялау және мемлекеттік бақылау процестерін сүйемелдеу талаптарымен танысу ерекше пайдалы болды», — деді Дархан Тілеубердинов.
Семинар барысында рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыруға, қала құрылысын жоспарлауды цифрландыруға, құрылысқа қатысушыларға қойылатын жаңа талаптарға және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алынған білім «Атамекен-Агроға» күрделі құрылыс жобаларын сүйемелдеу сапасын арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және құжаттарды дайындаудан бастап объектілерді пайдалануға беруге дейінгі құрылыстың барлық кезеңдерін тиімді бақылауға көмектеседі.
