Трудовые соревнования сотрудников АО "Атамекен-Агро": стимулы и достижения. - Atameken-Agro

Трудовые соревнования сотрудников АО “Атамекен-Агро”: стимулы и достижения.

«Атамекен-Агро» АҚ алқаптарында егіс науқаны аяқталды. Агрохолдинг басшылығы дала жұмыстары кезінде қызметкерлердің тиімділігін арттыру үшін арнайы ынталандыру жүйесін қолданады. Осылайша, әр егіс, егін жинау науқанында еншілес кәсіпорындардың жұмысшылары арасында еңбек жарыстары өткізіліп тұрады.  

Главными целями соревнований в АО “Атамекен-Агро” являются: мотивация работников, повышение производительности труда, укрепление трудовой дисциплины, совершенствование профессиональной подготовки, достижение высоких производственных показателей. 

Өткен көктемгі маусымда егіс жұмыстарына тікелей қатысқан жұмысшылар жарысқа қатысты. Байқауда үздік жұмыскерді анықтау критерийі өндірістік норманы асыра орындау пайызы болып табылады. «Атамекен-Агро» АҚ барлық жарыстар барынша ашық және әділ өтуі үшін нәтижелерді бағалаудың нақты алгоритмін әзірледі. Үздік қызметкерлер әр еншілес ұйымдағы аптаның, айдың және бүкіл маусымның нәтижелері бойынша анықталады. Маусым соңында еңбек бәсекесінің жеңімпазы таңдалып, өндіріс озаты деп жарияланады. Бірақ бұл бәрі емес: екі маусымда да (көктем және күз) атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша агрохолдинг жылдың үздік қызметкерін анықтайды. Еңбек жарысының жеңімпаздары салтанатты жағдайда атап өтілуде.

Байқаудың әр кезеңінде қызметкерлерді одан әрі ынталандыру үшін жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар беріледі. Жұмыс аптасының, айының жеңімпаздары мен озық өндіріс қызметкерлеріне бірінші, екінші және үшінші орын үшін сыйлық сертификаттары беріледі. 

2023 жылғы көктемгі еңбек жарысының қорытындысы бойынша мыналар ерекше атап өтілді: 

Тырмашылар: Қантаров Асылбек Малғождарұлы, Ғабдулин Әміржан Ғалымжанұлы, Зайдель Александр Владимирович, Листопадний Кирилл Владимирович. 

Химиялық өңдеу: Рыков Геннадий Федорович, Есекеев Саттар Әшімұлы, Леонов Николай Петрович, Плиндик Игорь Вячеславович. 

Тыңайтқышпен себу: Дьяченко Николай Владимирович, Рязанцев Андрей Владимирович, Берников Александр Александрович, Кузнецов Олег Аркадьевич. 

Тұқым себуші: Яковенко Сергей Евгеньевич, Шаркевич Василий Васильевич, Гаркуша Евгений Иванович, Телекеев Марат Төлеспаевич, Муталапов Сейілхан Мейірманұлы, Гиздетдинов Айзат Фазылұлы, Пресс Сергей Алексеевич. 

Таким образом, соревнования между сотрудниками агрохолдинга АО “Атамекен-Агро” играют важную роль в стимулировании работников, повышении производительности труда и улучшении производственных показателей.

03.07.2023

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар