Специалисты «Атамекен-Агро» посетили производственные площадки компании «Август» в Татарстане - Atameken-Agro

Атамекен-Агро мамандары Татарстандағы Август компаниясының өндірістік алаңдарымен танысты

Атамекен-Агро делегациясы құрамында материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ) бөлімінің басшысы Егор Рудев, МТҚ бөлімінің маманы Айгерім Оразалина және Атамекен-Агро Дихан Плюс астық қабылдау кешенінің меңгерушісі Максим Глушковский Татарстан Республикасының Елабуга қаласындағы «Алабуга» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Август» компаниясының өндірістік алаңдарына таныстыру сапарына қатысты.

Егор Рудевтің айтуынша, сапар барысында мамандар агрохолдингте қолданылатын өнімнің толық өндірістік циклымен танысуға мүмкіндік алды.

Қатысушылар өнімнің қалай өндіріліп, құйылатынын, зауытта қандай жабдық қолданылатынын және дайын өнімнің қандай сапа бақылау кезеңдерінен өтетінін көрді.
Экскурсия барысында өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруге маманданған «Август-Алабуга» ЖШҚ зауытына ерекше назар аударылды. Делегацияға сұйық препараттарды өндірудің барлық кезеңдері – компоненттердің жеткізілуінен бастап зертханалық зерттеулер, формуляция, автоматтандырылған құю, қаптау және сапаны бақылауға дейінгі үдеріс таныстырылды. Егор Рудев зауыттың заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгенін және өндірістік процестердің басым бөлігі автоматтандырылып, роботтандырылғанын атап өтті. Қатысушыларға өнімді қадағалау жүйесі де көрсетілді. Әрбір канистраға жеке QR-код қойылады, ол нақты өнім бірлігінің өндіріс тарихын бақылауға мүмкіндік береді. Топтамалық қаптамаларға да қосымша таңбалау жүргізіледі. Құюдан кейін өнім қаптау желісіне жеткізіліп, онда роботтар қораптар мен паллеттерді тасымалдау кезінде зақымдануды болдырмайтындай етіп автоматты түрде қалыптастырады.

Сондай-ақ делегация астық пен сүрлемді сақтауға арналған полимерлік жеңдер өндіретін зауытта болды. Атамекен-Агро мамандары жеңдердің өндіріс технологиясымен танысып, кәсіпорын технологтары материалдың физика-химиялық қасиеттерін бақылау және дайын өнімнің беріктігі мен жүктемеге төзімділігін анықтайтын сынақтар туралы айтып берді. «Бұл сапар бізге үлкен әсер қалдырды. Біз үшін дайын өнімді ғана емес, оның толық өндіріс процесін көру маңызды болды: қандай жабдық қолданылатынын, сапа бақылауы қалай жүргізілетінін, құю, қаптау және өнімді қадағалау жүйесінің қалай ұйымдастырылғанын көрдік.

Сондай-ақ делегация астық пен сүрлемді сақтауға арналған полимерлік жеңдер өндіретін зауытта болды. Атамекен-Агро мамандары жеңдердің өндіріс технологиясымен танысып, кәсіпорын технологтары материалдың физика-химиялық қасиеттерін бақылау және дайын өнімнің беріктігі мен жүктемеге төзімділігін анықтайтын сынақтар туралы айтып берді. «Бұл сапар бізге үлкен әсер қалдырды. Біз үшін дайын өнімді ғана емес, оның толық өндіріс процесін көру маңызды болды: қандай жабдық қолданылатынын, сапа бақылауы қалай жүргізілетінін, құю, қаптау және өнімді қадағалау жүйесінің қалай ұйымдастырылғанын көрдік.

«Әсіресе өсімдіктерді қорғау құралдары мен астық сақтауға арналған полимерлік жеңдердің өндірісімен танысу пайдалы болды.
Өнімнің толық өндірістік циклін өз көзіңмен көргенде оның техникалық сипаттамаларын жақсырақ түсініп, жеткізушілерді таңдауға саналы түрде қарайсың. Мұндай сапарлар тәжірибе алмасуға, кәсіби көкжиекті кеңейтуге және нарық, жеткізушілер, ықтимал тәуекелдер мен ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы тәжірибелік ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деді Егор Рудев.

Максим Глушковский де өз әсерімен бөлісті: «Сапар өте қызықты әрі танымдық болды. Біз, әсіресе астық сақтауға арналған полимерлік жеңдер өндірісіне қатысты көптеген сұрақтарға жауап алдық. Материалды дайындаудан бастап дайын өнімге дейінгі бүкіл процесті көру өте пайдалы болды. Алдағы уақытта компания өнімдерін тәжірибеде сынап, олардың тиімділігін бағалауды жоспарлап отырмыз».

Сапар барысында «Август» компаниясының өкілдерімен және іс-шараға қатысушылармен кездесу өтті. Тараптар тәжірибе алмасып, өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау саласындағы заманауи технологияларды және агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Атамекен-Агро үшін мұндай кездесулер озық өндірістік шешімдерді зерделеуге, саланың үздік тәжірибелерін енгізуге және ауыл шаруашылығына арналған өнімдердің жетекші өндірушілерімен әріптестік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді.

 

03.07.2026

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар