Атамекен-Агро на Qyzyljar Investment Forum: подписано соглашение с БРК - Atameken-Agro

«Атамекен-Агро» Qyzyljar Investment Forum алаңында: ҚДБ-мен келісімге қол қойылды

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына орайластырылған ауқымды халықаралық «Qyzyljar Investment Forum — 2026» инвестициялық форумы өтті.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтанов, сондай-ақ Ресей, Түркия, Қытай, Италия, Өзбекстан және Германиядан келген инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты.

Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі — Atameken-Agro Oils пен Қазақстанның Даму Банкі арасында май экстракциялау зауытын салу жобасын қаржыландыру бойынша алдын ала келісімге қол қойылуы болды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 252 жаңа жұмыс орны ашылады.

Atameken-Agro Oils директоры Дмитрий Коваленко жобаның өңірдегі қайта өңдеу саласын дамытудағы маңызын атап өтті:

«Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдарды терең өңдеуге арналған өндірістік қуаттар әлі де жеткіліксіз. Өңірде өндірілетін шикізаттың едәуір бөлігі әрі қарай өңделместен өткізіледі. Соның салдарынан өнімнен алынуы мүмкін қосылған құнның бір бөлігі облыстан тыс жерде қалыптасады. Май экстракциялау зауытының құрылысы ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға бағытталған «Атамекен-Агроның» негізгі инвестициялық жобаларының біріне айналады. Жоба майлы дақылдарға тұрақты сұраныс қалыптастыруға, қосылған құны жоғары өнім көлемін арттыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді».

Qyzyljar Investment Forum — 2026 өңірдегі жылдың ең ірі іскерлік іс-шараларының біріне айналып, мемлекет, бизнес және халықаралық инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң болды. Форум барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Солтүстік Қазақстан облысына жаңа инвестициялар тартуға, заманауи өндірістерді іске қосуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға жол ашады.

11.08.2026

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар