Начало посевной кампании - Atameken-Agro

Егіс науқанының басталуы

Көктемде бүкіл әлем фермерлері жаңа маусымды ашатын егіс науқанын бастайды. Еліміздегі жетекші агрохолдингтердің бірі «Атамекен-Агро» АҚ үшін 2023 жылғы егіс маусымы ресми түрде 22 сәуірде «Шатило и К» ЖШС жасымық егумен басталды. Келесі бастама, яғни 23 сәуірде «Мичуринский» ЖШС егістік алқабына мал азықтық шөптерді егу болды. Бидай «Атамекен-Агро» ЖШС шаруа қожалығында 23 сәуірде себілсе, «Атамекен-Агро» АҚ холдингінде егістің негізі сол айдың 26-сында басталды.


16 сәуірде басталған былтырғы егіс науқанымен салыстырғанда биылғы егіс науқаны көктемнің салқындығына байланысты сәл кеш басталды. Дегенмен, жоспарланған жұмыс кестесінен айтарлықтай ауытқулар болған жоқ.


«Атамекен-Агро» АҚ шаруа қожалықтары орналасқан аймақтарға келсек, Ақмола облысындағы «Дихан плюс» ЖШС-де егіс жұмыстары сәуір айының бірінші онкүндігінде басталып, «ылғалды жабу» - ерте көктемде тырмалау, топырақтағы ылғалды сақтаудың бірінші және маңызды операциясын жүзеге асырды. 


2023 жылдың жаңа маусымындағы егіс құрылымы туралы айтатын болсақ, ол бұрынғымен салыстырғанда өзгерді. «Атамекен-Агро» АҚ жасымық, күнбағыс және бидай егіс көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Зығыр мен рапс егіс көлемі керісінше қысқарды. Сонымен қатар, бұл дақылды арамшөптерден қорғау технологиясының күрделілігіне байланысты ноқат егуді толығымен тоқтатты.

 

Отырғызу маусымындағы ауа-райы егін жинаудың сәтті өтуінде шешуші рөл атқарады. Ауа райы болжамы бойынша биылғы көктемде ауа температурасының төмендеуі күтілуде, бірақ мамырда «ҚазГидроМеттің» болжамды мәліметі бойынша жауын-шашын қалыпты ауқымда болады деп күтілуде. Бұл факторлар ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына әсер етеді, сондықтан «Атамекен-Агро» АҚ әрқашан кез-келген ықтималды теріс әсерді азайту үшін шаралар қабылдайды.


Жалпы, «Атамекен-Агро» АҚ агрономдары алдағы егін науқанына сеніммен қарайды. Минералды тыңайтқыштарды қолданғанда және қолайлы ауа райы жағдайында олар бидай, күнбағыс, қатты бидай, зығыр, жасымық және басқа да дақылдардан жоғары өнім күтеді. Дегенмен, кез келген ауылшаруашылық кәсіпорнындағыдай, нәтижеге әсер ететін күтпеген факторлар әрқашан болады. Соған қарамастан, холдингтің басты артықшылықтарының бірі – сатып алушылардан тапсырыстарды алдын ала қабылдауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы маусымының болжамды жоғары нәтижесі. Компанияның трейдинг бөлімі өзінің тұрақты, жаңа клиенттері мен серіктестеріне кеңес беруге әрқашан ашық. Жылдағыдай компания барынша табысты өнім алу үшін өзінің барлық тәжірибесі мен ресурстарын пайдаланады. 

17.05.2023

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар