Атамекен-Агро принял участие в Пятой международной масложировой конференции FOC 2026: Fats and Oils Conference   - Atameken-Agro

Атамекен-Агро FOC 2026: Fats and Oils Conference бесінші халықаралық май-тоңмай конференциясына қатысты  

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов, сондай-ақ экспорттық-кредиттік ұйымдардың, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының, International Trade Centre, Қазақстан Тұқым өсірушілер қауымдастығының өкілдері және шетелдік сала сарапшылары қатысты. 

Іс-шараны Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығы ұйымдастырды. Конференция Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және QazTrade ұйымының қолдауымен өтті.  

18 елден келген 350-ден астам делегат агроөнеркәсіптік кешен мен халықаралық сауданың дамуына әсер ететін негізгі нарықтық үрдістерді, жүйелі сын-қатерлерді және болашақ өзгерістерді талқылау үшін бас қосты. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өзінің құттықтау сөзінде соңғы төрт жылда қазақстандық май-тоңмай өнімдерінің экспортынан түсетін валюталық түсім төрт есеге өсіп, 240 млн АҚШ долларынан 963 млн АҚШ долларына жеткенін атап өтті. Өндіріс көлемі рекордтық 1,57 млн тоннаға жетсе, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының құрылымындағы саланың үлесі 27%-ды құрады. 

«Біздің мақсатымыз – саланың жыл сайынғы валюталық түсімін 1,5 млрд АҚШ долларынан жоғары деңгейге жеткізу, Қазақстанның күнбағыс майын экспорттаушы жетекші елдердің қатарындағы позициясын нығайту және әлемдік ТОП-3 көшбасшы қатарына ену үшін негіз қалыптастыру», – деді Серік Жұманғарин. 

«Мұндай іс-шаралардың басты құндылығы – серіктестермен және әлеуетті сатып алушылармен тікелей кездесу мүмкіндігі. Кездесулер барысында біз ынтымақтастықтың жаңа шарттарын талқылап, нарықтық ақпаратпен алмасамыз және саланың даму перспективаларын бағалаймыз. Бұл май-тоңмай нарығындағы жаһандық үрдістерді, өнім болжамдарын және агробизнестің дамуына әсер ететін қолдау шараларын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Атамекен-Агро» АҚ сату бөлімінің басшысы Сайрам Ходжамбердиев. 

09.06.2026

тізімге оралу

келесі жаңалық

Барлық жаңалықтар